6 желтоқсан 2023 жылы Қостанай құрылыс колледжінің 9ҒҚСП-3 тобының студенттері кураторы Конарбаева Бактыгул Кыстауовнаның жетекшілігімен Қостанай облысы бойынша Тобыл қаласындағы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығына» ашық есік күніне барып келді. Ол жерде студенттерді сынақ зертханасының меңгерушісі Якуба Наталья Владимировна күтіп алды.
Содан кейін ғимарат ішінде барлық зертханаларға кіргізіп таныстырып шықты және сапа бөлімінің басшысы Завалий Владимир Сергеевич студенттерге қала ішіндегі төселген асфальттың сапасын қалай тексеруді көрсетті. Ол жерде студенттер сан түрлі жабдықтар мен танысып өз қызығушылықтарын арттырды. Бұл мекемеде тек қана асфальт бойынша емес және құрылыс материалдарының сапасын, беріктігін тексеретін жабдықтар туралы Наталья Владимировна таныстырып студенттерге бетонның қирауын көрсетті. Өз кезегінде студенттер түрлі сұрақтар қойып құрылыс материалдарының қандай жолмен сапасын, беріктігін тексерілетінін білді.