2023 жылдың 16 наурызында Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында тілдерді дамыту ПЦК-ның апталығына орай ұйымдастырылған кітапханадағы пәтер «Ашық микрофон» – атты іс-шара өтті.

Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгендер қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Кушегалина Айгүл Манапқызы мен кітапхана меңгерушісі Вельгоша Галина Валентиновна. Іс-шараға және студенттермен кездесуге Қостанай облыстық мемориалдық музейі басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыскерлер одағының мүшесі, «Даланың таза бұлағы» кітабының авторы Салтанат Амантайқызы Өтелбаева мен кездесу болды.

Кездесуге 12 топ ҒҚСП-1 және 7 топ ГҚЖЖҚП-4 студенттері қатысып, өздерінің жүректерінде жүрген сұрақтарын қоя білді. Кездесу барысында Салтанат Амантайқызы сұрақтарға толық жауап беріп, өзінің авторлық «Даланың таза бұлақ» – атты кітабымен таныстырды.
Салтанат Амантайқызы Қостанайға ғана емес Қазақстанға белгілі ақын-айтыскер. Осы өткізілген іс-шарада Салтанат Амантайқызы Рудный қаласында «Жарқ еткен жарқын бейне» -атты өткен айтыстан кішігірім видеоролик пен таныстырды.

Іс-шараның соңында 4 курс студентті Сабит Диас Ыбырай атамыздың «Әй жігіттер» деген өлеңін оқып берді.
Өз тарапынан студенттерге Салтанат Амантайқызы өзінің ақыл, кеңесін айтып, жақсы білім алуларына тілекші болды. Салтанат Амантайқызы студенттерді Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин мұражайына шақырды.
Іс-шараға қатысқан студенттер Салтанат Амантайқызына келешекте зор шығармашылық табысқа жете беруіне шын жүректен алғыс айтты.