2018 жылдың  1 наурызында  ҚР   Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру  мақсатында  және 1 Наурыз « Алғыс айту күні» аясында  колледжіміздің кітапханасында   қоғамдық  пәндер оқытушысы  Д.А.Каршигинаның ., тіл әдебиет пәнінің оқытушысы А.К.Кенешованың ұйымдастыруымен білім ордасында  мемлекеттік тілде білім алып жатқан 3ҒҚСП-2 және 4ҒҚСП -1 тобындағы  студенттерге арналған тәрбиесін танытар  «Өлкеміздің дарынды ақындары» атты сыр сұхбат кездесу кеші  аталып өтті. Кештің мақсаты өлкеміздің  дарынды, болашағынан үміт күттірер , қаламы жүйрік жас ақындарымыздың студенттер алдында өз өлеңдерін ортаға салып қаламдарын ұштай түсуге мүмкіндік жасау, белгілі ақындарымыздың ізін басып келе жатқан жас таланттарымызбен таныстыру болатын. Студенттеріміз жас дарынды ақындарымыз – халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері, “Бір өлең – бір әлем” республикалық ақындар мүшайрасының лауреаты. Бүгінде  Қостанай облысының «24кз» телеарнасының меншікті тілшісі  Абылай Фазылханұлы Маудановты., Халықаралық “Шабыт” шығармашыл жастар фестивалінің жас ақыны, жастар алтын кітабына енген,айтыскер,әуесқой сазгер Бүгінде  Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры  Марғұлан  Бақытбекұлы Оспановты   кітапхана төріне  үлкен қошеметпен қарсы алды.

Колледжіміздің директоры  Шамшин Арман Жағанұлы оқытушыларды,студенттерді «Алғыс айту күні »  мерекесімен құттықтап, және қонақтарымызға  өнердегі баспалдақтарының,  кейінгі өскелең ұрпақ үшін,  аса қажет сондықтан мұндай кездесулердің маңызы зор екендігін айтып өнерлеріне  шығармашылық табыс тіледі.Кездесу барысында ақындарымыз өз өмірлерінің қызықты сәттерін әңгімелеп, өнер туралы ішкі толғаныстарымен бөлісіп, студенттерге  өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Ер жігіттің қолғанаты домбыра – дей отырып ақындарымыз домбырамен ән салды. Біздің  студенттеріміз де  келген қонақтарға  өз өнерлерін көрсетті 4 ҒҚСП-1 тобының студенті Игесенов Нұрлан домбырада «Ерке сылқым »күйін  орындаса  3 ҒҚСП -2 тобының студенті Қасымхан Қуандық « Мәңгілік ел » өлеңін мәнерлеп айтып берді.Кешіміздің соңында студенттер   өз сауалдарын қойып, қызыға тыңдып сұрақтарына толық жауап алды.Студенттер қонақтарымызға сыйлықтарын табыстап, сый – сияпат көрсетті.Кездесу  соңында естелік суретке түсті.