2018 жылғы 17 қаңтарда Қостанай құрылыс колледжінің қабырғасында Астананың мерейтойлық жылы қарсаңында «Мәңгілік ел Елордасы» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді елорданың тарихымен, Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, жан-жақты мәлімен беру.
Бұл тәрбие сағаты «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша мемлекеттік тілде білім алатын, 1 және 2 курс студенттері арасында, колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы Каршигина Д.А., экономикалық пәндер оқытушысы Кыраубаева А.М. ұйымдастыруымен виртуалды-саяхат түрінде өткізілді.
Саяхат барысында 4 ҒҚСП-1 тобының Айсина Ж., Қалдаров С., Сартаев С., Молдабеков Е., Уразова А. және 3 ҒҚСП-2 тобының Асанов Б., Бердібаев С., Қабыкен Б., Қасымқан Қ. студенттері Астана қаласының тарихына тоқталып, «Бәйтерек», Ақ Орда, «Атамекен» этно-мемориялдық саябағы, «Бейбітшілік пен Келісім» сарайы және т.б. мәдени орындар мен көрікті жерлермен таныстырды. Саяхат соңында Астанада өткен Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесі жайлы бейне-материал көрсетілді.