ҚИнЭУ-де 8-10 желтоқсан  аралығында облыстан жиналған 140 қатысушылар қатысқан Startup Weekend Kostanay атты орасан шара өткізілді.

Қатысушылар 54 сағат бойы бизнес-идея ойлап тауып, оларды әділқазылар алқасына таныстырды. Шараның жалпы жүлде қоры – 130 мың тенгені құрады. Осы шараға Қостанай құрылыс колледжінен бірнеше командалар қатысты. Стартап менторларының оқыту барысында екінші күні 15 үздік бизнес-идея жартылай финалға өтті. Каримов Шафаис пен Канапьянов Максат командасы  “Халыққа қызмет көрсетудін сапасын бақылау” жобасымен 15 үздік жобалар қатарына еніп, стартаптың құнды сыйлығына ие болды.

Оқытушы Уаисова М. М. мен студент Рюмин Максимнен құралған «MAXi tech» командасы 2 орын алып, «Жасанды интеллект Марк-3» бизнес-идеясы үшін қаржылай сертификатын ұтты.