«Рухани жаңғыру » бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚР Президент күніне арналған «Бір халық – бір мүдде!» атты интернет байқауы өткізілді.
Мақсаты: қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін жағдай жасау, дарынды балаларды анықтау және қолдау. .Байқауға 4-17 түрлі жас ерекшелігіндегі білім алушылар қатысты. Жалпы білім беретін мектептерден, колледждерден барлығы 183 білім алушылар ат салысты. Соның ішінде 61 қатысушы жеңімпаз атанды.
«Сурет» номинациясында 15-17 жас санатында 319 Сәулет -2 тобының студенті Тлеубаев Дамир арнайы пәндер оқытушысы Жүніс Дархан Жақсылықұлының қолдауымен 1 орынды жеңіп алды.
Болашақта көп жеңістер тілейміз және құттықтаймыз!!!