Үстіміздегі жылдың 22-24 қараша айында  оқу  орнының спорт залында III спартакиада аясында жасөспірімдер арасында  волейболдан жарыс өтті.

Жарысқа 6 команда қатысты олар – Сәулет, Құрылыс,Техникалық, ҚОБЕ бөлімінің  командалары, «Серпін -2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттер және оқытушылар құрама командасы қатысты. Волейбол бойынша жарыс жеңімпазы болып техникалық бөлім анықталды. Екінші орынды «Серпін 2050» волейболшылары, үшінші орынды құрылыс бөлімі  иеленді.