17  қарашада  Қостанай құрылыс колледжінің  мәжіліс  залында  Халықаралық студенттер  күніне арналған  мерекелік концерт   өтті. Мерекелік концерттің ашылу  рәсімін  колледж директоры Шамшин А.Ж.  құттықтау сөзбен  бастады. Мерекелік концертте бірінші екінші курс студенттері әр түрлі тақырыпта  нөмірлер дайындады . «Жайдарман» жастар құрама командасы да өз өнерлерін көрсетіп,  көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады . Концерт жүргізушілері де  студенттер туралы  тарихи деректерді  қызықты мысалдармен келтірді. Сонымен қатар көптеген сауалдар қойылып, жеңімпаздарға  кішкене сыйлықтар берілді. Барлық көрермендер  колледж және студенттердің өмірі жайлы мәліметтер алып, ризашылықтарын білдірді.