16 қарашада колледждің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру аясында семинар өтті. Онда студенттер мен педагогтер әлеуметтік серіктестік ірі өкілдері “Құрылыс материалдар сауда үйі” ЖШС-ның бас директоры Максутов Альфред Менгадиевичпен кездесті.
“Құрылыс материалдар сауда үйі” компаниясы 25 жыл бойы құрылыс материалдарын сату бойынша бірінші орынды алады. Компания қаланы қажетті материалдармен және жөндеу жұмыстарымен жабдықтайды: шегелер мен бұрандалы шегелер, кірпіш және цементтер.
Кездесу барысында колледж директоры Арман Жагановичпен және “Құрылыс материалдар сауда үйі” компаниясының бас директорымен ынтымақтастық туралы шарт жасасып, шешім қабылданды.
Кездесуге қатысушылар мейманның қызықты да мазмұнды әңгімелерін зейін қойып тыңдап, алғыстарын білдірді .