«Жас Атамекен» жас кәсіпкерлердің, ұйымдастыруымен, Зарина Кокжанованың жетекшілігімен Костанайда үшінші «Kostanay Business Show 2017 3.0» бизнес-жәрмеңкесі өтті . Бұл іс-шараға студенттер мен педагогтер белсене араласты.
Жәрмеңкеге қолөнерінің көптеген өкілдері қатысты. Жәрмеңкеге қатысу үшін біздің студенттеріміз Прошина Аня, Колесниченко Кристина, Ткач Валерия көрермендерге өздерінің кескіндемелік және графикалық жұмыстарын көрсетті. Көрермендер Шаркаева Оляның ашыған қамырдан жасаған сувенирін тамашалады. Кушнирук Евгений балалар шанасы мен велосипед түріндегі гүл тіреулерді орындады.