2017 жылғы 6 -11 қараша аралығында құрылыс –техникалық пәндік –циклдік комиссиясының апталығы атап өтілді. Пән апталығының мақсаты – жас педагогтардың педагогикалық шеберлігін және кәсіби тұрақтылығын қалыптастыру, әлеуетін және шығармашылық дербестігін қамтамасыз ету, оқытушылардың оқу-тәрбие қызметінің дайындығын жетілдіруге бағытталған , сондай-ақ студенттердің гуманитарлық пәндерге таңдаған мамандығына деген қызығушылықтарын дамыту.
Аптаның бірінші күнін оқытушы Н.В.Смолева сыныптан тыс іс-шара өткізуден бастады. Еңбегі сіңген құрылысшы В.Ф. Кочинмен кездесу өтті. Іс шараның соңында студенттер қойған сұрақтарға Владимир Федорович нақты жауап берді.
Өткізілген Іс – шараны қорытындылай келе қатысушылар бір пікірге келіп, яғни Қазақстан Республикасының белгілі құрылысшысы В.Ф.Кочинмен болған кездесу қызықты да танымды өткенін айтып ойлары бір жерден шықты. Мұндай іс-шаралар студенттерді сапалы дайындауға ықпал етеді.