3 қараша күні дене тәрбиесі және сауықтыру кешенінде орысша сығымдап көтеруден жарыс өткізілді. Бұл спорт түрінің басты мақсаты бекітілген зілтемір салмағын барынша көп рет көтеру. Орыс сығымдап көтерудің басты міндеті – күштік төзімділік. Күштік үшсайысының базалық жаттығумен сыртқы ұқсастығы оның дайындық әдістемесімен ұқсас деген сөз емес. Орыстың сығымдап көтеру федерациясының нормативтері ерекше. Атлетизм коэффициенті(АК) формуламен шығарылады. Зілтемір салмағы қайталаным санына көбейтіліп, тоннажы есептеледі. Тоннаж спортшы салмағына бөлініп, атлетизм коэффициенті(КА) шығарылады.
Жарысқа 1-4 курс студенттері қатысты. Бірінші орынды АК 58 баллмен, 4 курс 311 тобының студенті Дановский Даниил алды. Екінші орынды АК 57,9 баллмен 312 тобының студенті Солоцкий Вячеслав алса, үшінші орынды АК 57,5 баллмен 312 тобының студенті Молдабеков Тимур алды.
Спортшлырады қолдауға көптеген көрермендер келді. Бұл спорт түрі студенттерге ұнады.