Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2017 жылдың 8-10 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында «Серпін-2050» жоба шеңберінде білім алып жатқан студент жастардың арасында «МЕНІ ШЫҢДАҒАН СЕРПІН» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Республикалық жарысқа біздің колледжіміздің 1 ҒҚСП-3с тобының студенті  Бажақай Бекзат Темірханұлы қатысты. Бұл жарыс өте жоғары деңгейде өтті және біздің қатусышының одан біліп түйгені өте көп болды. Бұл байқауда жалпы техник-құрылысшы мамандығының дәрежесі, оның елімізге деген маңыздылығы көрсетілді. Жаңа достар тауып, болашаққа деген нық қадаммен Бажақай Бекзат бағалы сыйлықтармен оралды.