6 қарашада колледжімізде құрылыс – техникалық циклдік пәндер комиссиясының апталығы басталды. Пәндік –апталық  және «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасы төңірегінде  арнайы пән оқытушысы Н.ВСмолевамен« Қызықты тұлғалармен жүздесу» ашық сыныптан тыс іс – шара ұйымдастырылды. Бұл кездесуде студенттер Қостанай қаласының  даму тарихымен  және Қазақстан Республикасының  белгілі құрылысшысы  Кочин  Владимир федоровичпен танысты.

« Техник – құрылысшы », «Тас қалаушы», «Құрылыстағы құрғақ әдіс маманы» біліктілігінің студенттері және оқытушылар В.Ф.Кочиннің әңгімелерін үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Іс шараның  соңында студенттер қойған сұрақтарға Владимир Федорович нақты жауап берді.

Өткізілген  Іс – шараны қорытындылай келе қатысушылар бір пікірге келіп, яғни Қазақстан Республикасының белгілі құрылысшысы В.Ф.Кочинмен болған кездесу қызықты да танымды өткенін айтып  ойлары бір жерден шықты. Мұндай іс-шаралар  студенттерді сапалы дайындауға ықпал етеді.