2017 жылғы 27 қазанда Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасында Қостанай құрылыс колледжінің өкілдері мен АҚШ елшісінің өкілі Л.Н. Реймен кездесу өткізілді. Іс шара дөңгелек үстел ретінде ұйымдастырылып, қатысушылар көптеген қызықты сұрақтарын қойды. Студенттер өз оқу орны жайлы , мамандығы туралы және көрме жұмыстарымен таныстырды, атап айтсақ : суреттер , әшекейленіп- безендірілген айналар, ғимараттардың макеттері т.б. Кездесу барысында техникалық бөлімнің студенттері ағылшын тілін үйрену ретінде компьютерлік ойындарды қолдануды мысалға келтірді. Колледж әкімшілігі атынан Е.Б.Мухамедрахимов біздің оқу орнымызда ағылшын тілі бұрышын құруды ұсынды.
- 27 Oct
- 2017