2017 жылғы 30-31 қазанда  Қостанай политехникалық  колледжі оқу орнында колледждер арасында гір спорты бойынша   VI облыстық спартакиада өткізілді. Құрылыс колледжінің командалары  20 колледждің арасында ерекшеленіп 3 орынды иеленді. Жарыс екі күн қатарынан өтті. Жарыстың бірінші күні  309 ҚӘ-3 тобының студенті Кенжитаева Марина 16 кг гірді 80 рет көтеріп 1 орынды жеңіп, қыздар арасында абсолюттік чемпион атанды.Ұлдар арасында 323 Т-2 тобының студенті Козлов Евгений 129,5 балмен 2 орынды иеленді.