23 қазанда  колледждің мәжіліс залы адамдарға лық толы болды. Өйткені  біздің колледжіміздің  ең мықты клубтарының  бірі КВН  қозғалысы болып табылады.Міне 3 жылдай қызмет етіп 1-4 курс студенттері өз өнерлерін көрсетуде.Биылғы жылы 1-2 курс студенттері қатысып, оларға тәлімгер бола білген 2-3 курс студенттері болатын. Әділ қазылар алқасы танымал  КВН қатысушылары  әр команданың ойындарын  әділ бағалады. КВН қатысушылары әр түрлі қызықты  тақырыптарда өз өнерлерін ортаға салды. Әділқазылар қорытындысы бойынша  команданың үздік ойыншылары  « Құрылыс колледжінің  жастар құрамасына » енді.  Бұл команда 27 қазанда облыстық лигада колледж намысын қорғайтын болады. Әрине бұл іс шараға колледж директоры Шамшин А.Ж.  көрермен болып жастарды құттықтап, болашақта шығармашылық  таыстар тіледі.