Қазанның 25- нде Қостанай құрылыс колледжінде «Абай мұрасы – халық ұлағаты»  әдеби –сазды кеші болып өтті. Оның мақсаты:  мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген  өзге ұлт өкілдерінің ықыласын  арттыру. Көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында студенттер қатысты. Кеш үміткерлері Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөздерін мәнерлеп оқып және Абайдың әндерін орындап, Абайдың күйін тартты.