2017 жылғы 19 қазанда Қостанай құрылыс колледжінде студенттерді діни тәрбиелеу аясында Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамдастығы мен діндер ісі жөнінде комитетінің өкілдерімен колледждің студентері мен оқытушыларына АДТ мүшелері М.О. Иманбаевпен., Т.С.Мустафинамен кездесу болып өтті. Іс шараның мақсаты – дін туралы білімдерін кеңейту, адамның психикалық және физикалық денсаулығын бұзатын, адам өміріне қауіпсіздік жағдайлар туғызатын деструктивті діни ұйымдар туралы, нысандарды насихаттау және өз қатарына жаңа мүшелерді тарту; сондай-ақ, деструктивті және тоталитарлық бағыттағы діни экстремизмнің алдын алу. Қостанай облысы әкімдігінің дін істері бойынша мәселелерді зерттеу орталығының қатысуымен және ҚР азаматтық қоғамдастығы және діни істері жөніндегі Министрлігімен ұйымдастрылды. Іс шара барысында қонақтар халықтың дінтану сауаттылығын арттыру – дін саласының маңызды бағыттарының бірі деп көрсетті. Дінтанушы Т.С.Мустафина студенттердің назарына жастардың дүниетанымына интернет – қоғамдастығының кері ықпалын айтып, бірқатар фактілерді келтірді.
- 23 Oct
- 2017