2017 жылғы 17-19 қазан аралығында РФ Қорған қаласында бірінші халықаралық «Уральск патриоттары» атты слет өткізілді. Осы іс шараға Қорған, Екатеринбург, Түмен қалаларынан 150 шақты ер балалар мен қыздар қатысты. Біздің «Тайфун» әскери–патриоттық клубы Қазақстанды таныстырды. Слетті Қорған мемлекеттік университеті Ресей құтқарушылар одағымен және Ресей Федерациясының Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен Бүкіл ресейлік студенттік құтқарушылармен бірлесе отырып өткізілді. Бірінші күні қатысушылар білім алаңдарын: «Казак көрмелері», «Психологиялық қолдау», «Парашюттік дайындық», «Алғашқы көмек», ал кейіннен слеттің практикалық бөлімін қарастырды: «Әскерилендірілген кедергілер жолағы”, “Атыс дайындығы”, “Өрт”, “Альпинистік дайындау” және жолақты кедергілер атты « Батырлар жарысы». «Әскерилендірілген кедергілер жолағында бірінші болған Кочеганов Асет. Пневмотикалық қарудан ату бойынша қыздар арасында курсант Орчикова Вероника және Костылева Дарья қатысып, 1-ші және 2-ші орындарды жеңіп алды.
Слеттің екінші күні Орловск су қоймасында өтті. Курсанттар резеңке қайықты басқару және құтқару шеңберімен, компас бойынша жұмыс істеді, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша жаттықты. Слеттің үшінші күнінде Университеттік “Дельфин” бассейнінде аквалангпен бату есте қалды. Слеттің жабылу күні барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді..