19 қазанда Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханада  болашақ дизайнерлер, сәулет бөлімі студенттерінің шығармашылық жұмыстар көрмесінің  ашылу рәсімі өтті. Бұл іс шараға мектеп оқушылары, қала колледждерінің студенттері, сондай-ақ С.В., Шалунова, Н.В. Гончаров, Ю.Д. Новоселов, Е.Кислицин, В. Галбен сияқты атақты суретшілер қатысып барлығын қуантып ерекше әсер қалдырды. Іс шараның өту барысында Қостанай құрылыс колледжі әкімшілігінің атынан кітапхананың директоры және оның қызметкерлеріне жастарды тәрбиелеудегі үлкен еңбектері және ынтымақтастығы үшін алғыс хат табыс етілді. Көрмеде студенттер әр түрлі стильде рәсімделген өз жұмыстарымен таныстырды: кескіндеме және графика жанры; сәндік-қолданбалы жұмыстар, витраждар, ғимараттар мен құрылымдардың сәулеттік макеттері, декорланған айналар мен сағаттар.

“Қазақстан-Қостанай” телеарнасындағы  “Тобыл таңы” бағдарламасынан видео