2017 жылғы 18 қазанда колледжде жас педагог мектебінің отырысы өтті. Оның мақсаты кәсіби қызметтегі жаңа бастау алған педагогтердің жұмысқа үйренуі, жас педагогтердің ғылыми-зерттеушілік белсенділігін және қоғамдық кәсіптік қалыптастыру болып табылады.Мектепке 22 жас педагогтер, 3 жылдан артық өтілі бар өндірістік оқыту шеберлер қатысып, педагогикалық ғылыми салада білімдерін кеңейтіп және оны жүзеге асыруға талпынады.Жаңа оқу жылы басында мектеп жұмысының жоспары әзірленіп, мақсаты мен міндеттері қойылды, тыңдаушылар тізімі құрылып, тәжірибелі тәлімгерлер тағайындалды. Жас мамандарға бірінші дәріс ” Сабақтың оқу жоспарлау құжаттары” тақырыбында семинар түрінде өткізілді. Педагогтер нормативтік , оқу құрылымының оқу жоспарлау құжаттарымен таныстырылды. Әдіскерлер дәрісханасының меңгерушісі К.Б.Муканова ОӘК үлгілеріне шолу жасады. Жұмыс қиыншылықтарын тексеру мақсатында жас мамандармен сауалнамалар жүргізілді. Оқу бөлімінің меңгерушісі Г.Г.Сафонова оқу сабақтарының журналдарын және студенттердің сынақ кітапшаларын толтыру ұсыныстарымен таныстырды.Колледж психологы Н.Е.Киньзябулатова әр түрлі треннингтер жүргізді. Жас педагогтерге көмек көрсету үшін әдістемелік дәрісханада керекті құжаттардың барлығы бар.
- 19 Oct
- 2017