2017 жылғы 12-14 қазанда  Қостанай  ауыл шаруашылық колледжі – «Лесная » турбазасында  біздің ӘПК «Тайфун» жас өрендері қатысқан, Қостанай ауданы жастарының туристік слеті өткізілді. Бірінші күні слеттің салтанатты ашылуы  болды. Слеттің екінші үшінші күндері автоматты бөлшектеп, қайта жинау, нысананы көздеу, сапқа тұру және салтанатты сапта жүру мен ұрандар сияқты сайыстарда жас өрендер үлкен жауапкершілік танытып, берілген тапсырмаларды мүдірмей орындай алды.

Үш күндік слеттің шешуші күнінде барлық ұйымдастырушылар мен қатысушылар “Лесная” турбазасына жиналды.  Слет қорытындысы бойынша ең үздік деп танылғандар Карабаев Нияз, Кочеганов Асет, Майданюк Владимир, Качалов Никита, Карабасова Салтанат, Бонк Надежда, Максин Данила марапатталды.