Осы жылдың 14 қазанында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа 1 курс студенттерінің ата-аналары,Қостанай қаласы ІІБ учаскелік инспекторы,полиция қызметкері А.С.Қуатбекова., облыстық ИРГ мүшесі Д.Е.Абенов қатысты. Колледж директоры А.Ж.Шамшин ата-аналарды жиналыс бағдарламасымен колледждің қызметі мен жетістіктері туралы таныстырып өтті. Полиция қызметкері Қуатбекова А.С. ата -аналарға ақпарат берді – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың жай-күйін талдау, әсіресе кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігіне толығырақ тоқталды. Мереке демалыс кезеңінде сабақтан тыс уақытта студенттердің белсенді жұмыспен қамтылуы туралы ата-аналарға ескерту жасалды. Абенов Д. Е. ата-аналарға назар аударып, балалардың дүниетанымына интернеттің кері әсерін айтып, бірқатар фактілерді келтірді. Колледж психологы ата-аналарға балалардың тәртібіне көңіл күйіне назар аудару керетігін айтып өтті. Ата-аналарға қажет болған жағдайда пайдалану үшін сенім телефоны бар ұсыныс жадынамалары таратылды.
- 16 Oct
- 2017