2017 жылы 28 қыркүйекте  Қостанай құрылыс колледжінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, әскери қызметтік мәртебесін насихаттау   және  Қарулы Күштер имиджін арттыру мақсатында ”  Ерлік сабағы ” атты Ауғаныстан соғыс ардагерлерінің қатысуымен”  запастағы майор А.А.Ермоленко сабақ өткізді. Іс-шараның басында  студенттер алдында  АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Козлов А. И сөз сөйледі , кеңес уақытындағы  Ауғанстан әскерінің тарихы туралы әңгімеледі. Содан соң  Ауғаныстағы соғыс хроникасы туралы бейнероликтер көрсетілді.Кейін А.А. Ермоленко өзінің  Ауғанстандағы әскери  қызметі  туралы ,  Ауғанстанға келген сәттеріне тоқталды, бірінші айқастың сезінуін, әскери қызметі кезіндегі қиындықтар жайлы айтып берді.  Өз әңгімесінде жауынгерлік рух, әскери борышын ерлікпен орындаған, Отанның мүдделерін қорғау жөнінде тоқталып өтті. Сөз соңында барлық қатысушыларды  біздің аталар мен әкелеріміздің жауынгерлік дәстүрлерін  жалғастыруына лайықты деп  Қарулы Күштер қызметіне  адал еңбек етуге шақырды.