Қостанай құрылыс колледжінде 22 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай «Язык-душа народа» атты ауызша журнал іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты мемлекетімізде туған тілді біліп қана қоймай, үш тілді жетік білу және игеру болып табылады. Іс-шара бірінші курс сәулет бөлімінің студенттері арасында өткізіліп, 3 бөлімнен құралды. Бірінші бөлім бойынша тілдің қалыптасуы, екінші бөлімі тіл – халықтың жаны, үшінші поэтикалық бөлімдерден тұрды. Сонымен қатар, үшінші бөлімде әр топтан студенттер үш тілде жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Кейбір студенттер өздерінің сөз мәнерлілігімен көзге түсіп, жақсы жақтарынан көрсете білді. Осы іс-шарада студенттер тілдің қалыптасу тарихын, қазіргі кезде алатын орнын және атқаратын ролін меңгеріп қана қоймай, қызығушылығы арта түсті деп ойлаймыз. Топ студенттеріне мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде жетекшілік жұмысын атқаруға оқытушылар қол ұшын тигізді.
- 22 Sep
- 2017