25-ші қыркүйек күні Қостанай құрылыс колледжінде 1 курстар арасында ” Шоу таланттар “сайысының ақтық айналымы өтті.  Байқауға қатысушылар келесі номинациялар бойынша белсенді қатысты: хореография, вокал, аспапта орындау, көркем сөз оқу.  “Хореография” номинациясы бойынша жеңімпаздар 331 тобының студенттері болды , “вокал” номинациясы бойынша  331 тобының студенті Веретельник Екатерина “Бегут года” әнімен ., “Аспаптық орындау” номинациясы бойынша  көзге түскен 329 тобының студенттері  Айтмухамбетов Дамир және Игисенов Нурлан, мәнерлеп оқу номинациясы бойынша” үздік танылған 4 ҒҚСП -1 тобының студенті Калдаров Саги. Барлық жеңімпаздар Еңбек күнініе және ұстаздар күніне арналған мерекелік гала концертте өнер көрсетеді . Соңында көркемдік жетекші Ринат Шигапов Шигапович сөз сөйлеп,  біздің жас дарындарға пайдалы кеңес берді. Залда , барлығымыз  бір-бірімізді  ду қол шапалақпен қолдадық.