2017 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында «Алтынгүл» демалыс лагерінде  «Алтын  күз -2017» 41-ші  облыстық  туристік ашық  слеті өтті.  Қостанай облысы бойынша слетке 14 команда қатысып, күш сынасты. Біздің  ӘПК «Тайфун » клубынан 2 команда қатысты.Біріншісі жоғары топтар ( А класы), екіншісі  кіші топтар ( Б класы)

Жас туристер кедергі жолағында ептіліктерін көрсетіп жарысты. Олар келесі станциялардан өтті: шатырларды алып тастау, аспалы өткелдер, ағаш өткелдер, азимут бойынша қозғалыс, болота қозғалысынан өту,алаңдағы  тапсырмалар, алғашқы медициналық көмек, ПТС. Екінші күні туристер туристік эстафетада  1 орын  үшін күресті. Осы жарыс  арасында әр түрлі капитан байқауы, фото суреттер және қабырға газеттері, туристік әндер өткізілді.Біздің команда осы слетте абыройлы қатысып, туристік әндер, фото суреттер бойынша 2 орынды жеңіп алды. Туристік  эстафетада «Тайфун-2» командасының 3 орынды иеленуіне бірер секундтар ғана жетпей қалды. Алау маңындағы шырқалған әндер, шатыршаларда қону, әдемі күзгі табиғат біздің курсанттардың  жадында көпке дейін есте қалады. Ал, ең бастысы, клуб-жаңа жауынгерлік жолдастармен толықтырылды  – жасөспірімдер құрамы алғашқы әскери сынақтан сүрінбей өтті.