Дизайнер мамандығын таңдау – өз шығармашылық әлеуетін жүзеге асырудағы тамаша мүмкіндік. Әр түрлі өзіндік идеяларын жасай отырып, сүйікті ісін пайдалы іспен ұштастыру. Сол салада жұмыс істейтін адамдарды сирек кездестіруге болады , әдетте ол саналы таңдау, өз өмірін дизайнмен байланыстыруда үлкен ниетімен негізделеді. Бәрімізге белгілі өз ісіне деген сүйіспеншілік жақсы жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, кейде қандай да бір бірегей немесе қайталанбайтын ашылымдар жасау.
Бұған сенімділік танытқан 2017 жылғы 21 қыркүйекте куратордың жетекшілігімен Қостанай қаласындағы суреттер галереясына барған 331Д-1 тобы. Балаларды Қостанай облысы суретшілерінің жұмыстары таң қалдырды. Оларға суретшілер Ю.Новоселовпен Светлана Лойканың көрмелері өте қатты ұнады. Саяхат барысында студенттер өз жұмыстарын осындай көрмеге қоюды армандады. Осы күні балалар саяхатты әрі қарай жалғастырып, өлкетану мұражайына барып, оларды туған жерінің тарихымен таныстырды . Саяхат жүргізуші біздің халқымыздың тұрмыс –жағдайы және дәсүрлері туралы әңгімелеп берді. Студенттер саяхатқа шыққандарына риза болып, шығармашылық пен шабыт алды.