Өмірлік қиын жағдайларға қарсы тұру қабілеттілігін ,тұлғаны тәрбиелеу, позитивті ойлауды қалыптастыру мақсатында 2017 жылғы 14 қыркүйекте колледжде «Күйзеліске қарсы бағдарлама » семинар – тренинг өткізілді.
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы»ММ тапсырысы бойынша «Қостанай жас көшбасшылары» Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушылары сөйледі. Өткізіліп жатқан іс-шаралар жастардың және ересек тұрғындардың. арасында суицидтің алдын алуға бағытталған. Жоба жетекшісі Г.А.Бисембаева жастар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың өзектілігі туралы сөз етті.
Құрылыс колледжінің психологы Н.Е. Киньзябулатова салауатты өмір салтын жүргізу және қызығушылық таныту маңызды екенін айтып кетті.Өмірдегі келеңсіз жағдайларға қарамай, мәнді өмір сүрудің маңыздылығын көрсетті. Өмірге жоғары құндылықпен қарау керектігін түсіндірді. Семинар-тренинг барысында күйзелісті анықтау деңгейіне байланысты тест өткізілді. Проблемалық жағдайларды шешу үшін шаршағанды басу психотехникалық жаттығулар жүргізілді. Жобаның маманы С.Ю. Черникова семинар- тренинг қатысушыларына күйзелістің не екендігін түсіндіріп кетті. Сонымен қатар психолог С.Ю.Черниковамен жүргізілген релаксация балалардың тыныштық пен үйлесімділікке жетулеріне көмектесті.
Ой тұрақтылығын қалыптастыру, дұрыс ойлау, қарым-қатынас мәселесін шешу семинар – тренингі өзара сыйластық атмосферада өтті.