2017 жылғы 13-15 қыркүйекте «Алтынгүл» демалыс лагерінде «Жас-Әскер» Қазақстан және Ресей әскери-патриоттық Халықаралық слеті болып өтті. Слетте Қостанай облысынан 12 клуб және Қорған облысы Куртамыш қаласынан 1 команда қатысты. Бірінші күні «Жас патриот» квест ойынынан басталып, “Солдат ботқасы” атты аспаздар сайысында өзара бақ сынасты Слеттің екінші күні жарыста әскери-қолданбалы спорт түрлері көрсетілді. ӘПК «Тайфун» жас өрендері саптық дайындық және АК-74 автоматын бөлшектеп қайта жинау бойынша бірінші орынды иеленді, пневматикалық винтовкадан ату бойынша үшінші орын, 2000 м қашықтыққа жүгіруде төртінші орын және көшбасшы болған ӘПК “Сармат” клубы жол беріп , нәтижесінде жалпы команда есебі бойынша екінші орынға ие болды. Қамысты ауданынан ӘПК « Мерген» командасы үшінші орынды алды. Курсанттар кешкі астан кейін жарысты әрі қарай жалғастырды яғни «Эрудит » байқауында әскери –тарихи тақырыптарда сұрақтар қойылды. Слеттің үшінші күні түңгі дабыл қағылып,
ӘПК “Қайсар” ККАТ диверсанттарын басып алу шарты қойылды, содан соң әскери-тактикалық ойын берілді.
15-16 қыркүйекте құрылыс колледжінде шашка және тоғызқұмалақтан чемпионат өтті. Жарысқа 1-3 курс студенттері арасында 60 адам қатысты.