2017 жылғы 15 қыркүйекте 332 ҒҚСП-1., 333 ҚӘ-1.,334 К-1., 4ҒҚСП-1 тобының 1 курс студенттері «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы  бойынша  өндірістік  оқыту шеберлері мен топ жетекшілерінің  басшылығымен 95 адам саяхат ретінде «БК-СТРОЙ» ЖШС  «Алтын Арман» ықшам ауданы құрылысының алаңына  барып қайтты. Саяхатты жоғары білікті маман Карпенко Александр Николаевич жүргізді. Саяхат барысында студенттер жұмыстың түрлерімен және  құрылысты орындау  яғни іргестасты қалау, құдық қазу технологиясымен танысты.  Ықшам аудан алаңында « Қостанай плаза» ойын-сауық сауда  орталығы  орналасқан,  осы жылдың 16 қыркүйегінде оның ашылуы жоспарланды. Біздің құрылыс бөлімінің студенттері біліктілігі  «Құрылыстағы құрғақ әдіс маманы» өндірістік тәжірибеден өту кезеңінде  осы құрылыс объектісіне үлестерін  қосып. Өндірістік білім, кәсіби дағдылар алып бекітті. « БК-СТРОЙ”  әлеуметтік серіктестік  компаниясына , ынтымақтастық, түсіністік пен қайырымдылығы үшін  көп алғысымызды білдіреміз.