2017 жылғы 14 қыркүйекте “Туған жер ” бағдарламасын жүзеге асыру аясында  мемлекеттік  тілде білім алатын  № 4 ҒҚСП -1 курс студенттері  топ жетекшісі А.М.Қыраубаеваның жетекшілігімен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына  дайындалған «Бір ел – бір кітап » атты  іс- шараға барып қайтты. Кездесу  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өмірі мен шығармашылығына  байланысты өтті. Оқу залының кітапханашысы   Латыпова Бибигуль Казыбаевна  студенттерді  халықтың дамуына зор үлес қосқан  ақынның  өмір жолымен шығармашылығымен таныстырып , қысқа метражды фильмдер көрсетті.  Топтағы студенттер Қалдаров Сағи, Игисенов Нурлан,  Айсина Жансулу    ақынның өлеңін  мәнерлеп жатқа жеткізді.  Бибигуль Казыбаевна Торайғыровтың шығармашылығына арналған  кітап көрмесіне шолу жасады.