2017 жылғы 13 қыркүйекте Қостанай құрылыс колледжінде студенттерді    діни тәрбиелеу аясында «Деструктивті діни ағымдар, олардың әдістері ”  тақырыбында  332 СЭЗС-1, 333 СМ-1, 334-1.топтары үшін дәріс жүргізілді. Іс –шараның  мақсаты  деструктивті діни ұйымдар туралы білімдерін кеңейту, психикалық және физикалық денсаулығын  бұзуға әкелетін  жағдайлар, адамның қауіпсіздік жағдайлары, оларды азғырып-көндіру әдістері , нысандарды насихаттау және  өз қатарына жаңа мүшелерді тарту; сондай-ақ  деструктивті және тоталитарлық бағыттағы діни экстремизмнің алдын алу.Іс шараны әзірлеген және өткізген Қостанай облысы әкімдігінің  дін  істері жөніндегі басқармасының  діни мәселелелрді зерттеу орталығының маманы Дисюкова Д.А., колледждің АДТ Мусина Л.М. Іс шара барысында тренинг элементтері қолданылды, студенттер жоғары белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп мысалдар келтіріп  өз пікірлерін айтты. Іс шара кәсіби деңгейде өтті.