Осы жаздың ең ауқымды шарасы «ЭКСПО-2017» екені баршаға мәлім. Міне, осы айтулы көрмеге Қостанай облысының оқу орындарынан 100 ерікті аттанған болатын. Бұл ретте өңіріміздегі кол ледждер арасындағы ең көп еріктілерді Қостанай құрылыс колледжі құрады. Яғни, ондағы 8 студент жаһандық аренаны өз көздерімен көріп, тамашалап қана қоймай, оның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Қаламыдца еліміздің жарқын болашағы үшін білікті кадр дайындап жатқан оқу орындары жетерлік. Солардың арасында бүгінгі әңгімемізге өзек болғалы отырган Қостанай кұрылыс колледжінің алар орны ерекше.

Мұндағы басшылық пен оқытушылар кауымы білім алып жаткан әрбір жастың бәсекеге қабілетті маман атанулары үшін толыктай мүмкіндіктер туғызып келеді.

Осындагы көрмеге барып,еріктілер құрамында болған техник-құрылысшы мамандығыньң 3-ші курс студенті Зинур Кауезханов, сәулетші мамандығының 2-ші курс жастары Бахтияр Ізбасаров, Камила Сандыбаева, Анна Гаврилец, Варвара Пинаева, профильді дизайнердің 4-ші курс студенті Аяжан Жанабекова және сәулетші мамандығының 3-ші курс білім алушысы Тамерлан Талиповпен кездесіп олардан алған әсерлері жайлы бөлісулерін сұраған едім.

Бұл аталған жастар көрме аумағында 1 және 2 ай қызмет аткарды. Әлбетте олар тегіннен тандап алынған жоқ. Жастар колледждерінде, кала, облыс аумағы бойынша өткізіліп келе жатқан іс-шаралардын белсенді катысушылары, ерікті болудың қыр-сырын үйренгендер. Бірақ та барлығы өз діттегеніне жету үшін еріктілер өңіріміздегі Балалар және жастар ұйымдарыныц кауымдастығында 2 ай бойы арнайы курстан өтті.

Жігіттер мен қыздар межелі уақытта оқуларын бітіріп, шеберліктерін арттырған соң 30 мамырда әсем де жас қаламыз Астанаға аттанды. Елордамызда еріктілер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универеитетіндс көрме женінде толығырақ біліп, 10 күн бойы павильондарды аралаған.

Сонымен қатар, белсенді жастар аталған жоғары оку орнының жатақханасына орналысып, күніне 3 рет тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Халықаралық көрме кезінде еріктілердің жататын орны мен тамақтандыруға жұмсалатын барлық шығын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының каражаты есебінен болды.

Көрмеде еріктілер тек жұмыс істеп қана қоймай өздерінің колдары бос кездерінде жатақханада ойындар ойнап уақыттарын қызықты өткізуді әдетке айналдырған. «Жас келсе, іске» демекші, кейбіреулері белгілі бір идея аясында өздерінің әлеуметтік жобаларын да іске асырды.

Алгашқыда барлық еріктілерді әртүрлі қызметтерге бөліп тастады. Варвара серіктестер мен демеушілердің павильонында болса, Камила мен Анна көрмеге алғаш келген адамдарды қарсы алып, қалай қарай бет алатындарын айтып, көмектескен. Мәдени іс-шараларды болған Аяжан 2 ай қызмет атқарған. Бахтияр қауіпсіздік бөлімінде, Зинур «Конгресс орталығында» жүріп, онда келген елшілер мен зиялы өкілдерге жол көрсетіп, көмегін тигізген. Тамерлан Астана қаласындағы көрмеге арналып өткен барлық мерекелік шаралар мен концерттерде ерікті болды.

Жастар «ЭКСПО-ға барғанда ерікті ретінде жұмыс жасау қиынға соқты. Себебі, оның іші үлкен және адамдар да ағылып келіп жататын. Алайда, ширақтықтың арқасында барлық келеңсіздіктерді жеңдік» деп еске алады.

Зинур Кауезханов пен Тамерлан Талипов көрмеге сапарға аттанған бастап, «ЕХРОнутый VLOG» атты әлеуметтік желіде өздерінің каналдарын ашып, жаһандық аренада болып жатқан ғажайыптарды, еріктілердің өмірлері туралы баяндап, көрермендердің қызытушылығын тудырып, осы күнге дейін біршама танылып қалған. «Өзіміз Астанада жүргенде бізді бәрі сол бейнероликтеріміз арқылып танып жатты. Бұл кеудемізге мактаныш сезімін ұялатқаны жасырын емес» дейді олар.

«Ерікті деген кім?» деген сұрағымы жастар бірауыздан «Еріктілік – адамның қалауымен болатын іс-әрекет. Қазір жастар не пайда әкеледі деген сұрақ жиі айтылады. Мәселе саған пайда әкелу, болмаса, өз пайданды ойлау емес. Жастардың сабақтан кейінгі бос уақытын тиімді өткізу. Ерікті болу адамды еркіндікке, кауіпсіздікке, әділдікке және барлық адамдарға көмек көрсетуге, өз ойын айта білуге баулиды. Пайда табудан да өзге байыпты мақсаттар болады. Ерікті болу ешқандай материалдық қажеттілік бермейді. Бірақ сіз оның орнына алғыс аласыз, жақсылықка кеңелесіз. Бұл сіздің адамгершілігіңіздің белгісі. Дегенмен ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз» деді.

Иә, бұл сөздің жаны бар. Себебі, қай кезде де, қай қоғамда да жастардың орны айтарлықтай. Ал, сол жастардың ішіндегі саналы, саясат пен қоғамды түсінетін, руханияттан хабары бар, психологиялық-коғамдық мәселелерін игергендер ғана ерекше орын алған. Сондай-ақ, оздерінің болашақтарына қатты алаңдайтындықгарын байқаймыз.

– Елімізде тұңгыш рет өтіп отырған ауқымды іс-шараға қатысқаным үшін өзімді бақытты сезінемін. ЭКСПО-2017 көрмесі биыл жазда менің Қазақстаннан шықпай-ақ дүние жүзімен танысуыма жағдай жасады. Достарымызбен бірге ЭКСПО қонақтарын қуана қарсы алып, оларға жәрдем бердік, қонақжайлылық қанымызға сіңген ұлттық ғұрпымыз ғой, – деді ерікті Аяжан Жанабаева.

Айзат АСҚАРҚЫЗЫ

Учительская плюс