Сенбі 9 қыркүйек күні колледжіміздің спорт алаңында 1 курс студенттерінің қатысуымен «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз » атты денсаулық күні атап өтілді. Денсаулық күні бағдарламасына спорттың 8 түрі кіргізілді:
- Секіртпемен секіру
- Гір спорты
- Ауыр гимнастика
- Баскетбол
- Футбол
- Қолды бүгіп жазу
- Кросс
- Эстафета
Жарыс ауыр гимнастикадан, гір спортынан және секіртпемен секіруден басталып, келесі топтар 331,336,333,334,337,332 үздік командалар танылды. Колледж спортзалында баскетбол ойыны басталып, 6 команда қатысты. Осы уақытта сауықтыру кешенінде әр топтан 1 оқушыдан шығып жаттығулар жүргізілді. Баскетбол ойынында 336,330,4 ҒҚСП -1 командалары көшбасшылық танытты.Сондай-ақ, алаңда кросс бойынша жарыстар өтті. Ұлдарға ара қашықтық – 2км, ал қыздарға -1км. Осы жарыста үздік танылғандар 337,330,336,332 топтары. Қорытындылай келе 8 команда түрі келесі үлгіде бөлінді. Денсаулық фестивалінің нәтижесі бойынша кесте:
№ | Командалар | Орын |
1 | 333 | 1 |
2 | 330 | 2 |
3 | 337 | 3 |
4 | 332 | 4 |
5 | 331 | 5 |
6 | 4ҒҚСП -1 | 5 |
7 | 329 | 6 |
8 | 336 | 7 |
9 | 334 | 8 |
10 | 335 | 9 |
Денсаулық күні колледжіміздің 1 курс студенттерінің өмірінде ерекше орын алды. Біріншіден барлық студенттер жүгіру жолақтарында, футбол,баскетбол ойыны барысында бір –бірімен жақын танысты. Жаппай қатысу қажетті деңгейде өтіп, қатысушылар жаңа оқу семестріне жақсы көтеріңкі көңіл күйде болды. Ерекше көрінген спортшылар колледж аралық облыстық жарыстарға қатысу үшін спорттың әр түрі бойынша құрама командасына кіретін болады.
Сіздерге оқуда және спортта сәттілік тілейміз!