1 қыркүйек Қостанай құрылыс  колледжі студенттер үшін  есігін айқара ашты. Бұл күн – барлық оқушылар, студенттер және оның ата-аналары үшін үлкен мереке. Біреулер үшін бұл күн  өткенге оралу , біреулер үшін – болашаққа қадам. Дәстүр бойынша  Қостанай құрылыс колледжінің  директоры Шамшин А.Ж., әлеуметтік серіктестіктер өкілі  «БК-строй» учаскесінің басшысы А.Н.Карпенко, ата-аналар, оқытушылар атынан А.М.Кушегалина студенттерді білім күнімен құттықтады.

Біз  студенттерді  осы тамаша күнімен құттықтаймыз. Сіздерге өмірлеріңізге даналық тілейміз  Білім есігін ашқан 250 студент біздің қонақжайлы үйіміздің табалдырығын аттады. Бірінші курс студенттері үшін  жаңа өмір басталды, колледж табалдырығын  аттай отырып олар үшін жаңа жол ашылды. Олар ересек өмірге маңызды қадам жасайды. Бұл әрбір студенттің өмірінде өте маңызды және есте қаларлық оқиға.

 «Сіздерге сәт сапар !»