Қостанай облысы орталығының іргесіндегі Заречный ауылында орналасқан «Арғымақ» ипподромында 2017 жылдың 13 мамырында ат жарысы ойындары маусымы ашылды. Онда Қостанай құрылыс колледжінің оқытушылары Каршигина Д.А.. Закирова Р.Ш., Тоқтамыс Л.К. және 1курс «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» 3 тобы және «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер қыз қуу, жорға және тай жарыс, құнан бәйге, топ және аламан бәйге секілді ат спортының түрлерін қызықтады.

«Ат бәйгесіне тек Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан басқа Астана қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау облысынан атбегілер сәйгүліктерін үкілеп бәйгеге қосты. Ат спортының түрлері Қостанай өңірінде қазірде кеңінен тараған спорт түріне жатады.

Ат жарыстың бас төрешісі колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Кусаинов Айдар Тасболатович болды.

Құнан бәйгеде Жітіқарадан келген Сера атты тұлпар, тоқ бәйгеде Ақтөбе намысын қорғаған «Сүйніш» деген сәйгүлік алдына қара салмай келді, ал аламан бәйгенің жүлдесін Жітіқара ауданының шашасына шаң жұқтырмаған Неймес атты тұлпарының жалына жармасқан шабандоз Хансұлтан Жандәулет 1 млн теңгені алып кетті.