Қостанай құрылыс колледжінің математика пәні оқытушысы Жакетова Сабира Бакитжановна «Мәңгілік Елдің Мәртебелі мұғалімі» жобаға қатысты. Еңбегі энциклопедиялық жинақ кітапқа енгізіледі.
«Мәңгілік Елдің Мәртебелі мұғалімі» кітабы – тәрбие және білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялардың мазмұнын жаңарту жолында педагогикалық идеяларды іздеу, оқушылар қабілеттерін дамытудағы жоғарғы нәтиже көрсеткен, белсенді шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге демеу көрсету, талантты педагог қызметкерлерді анықтау және ең тиімді жұмыс жасайтын мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін тарату, жалпы мұғалім мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтату мақсатында Қазақстан Республикасы педагогтеріне арналып шығарылып отыр.