Қостанай құрылыс колледжі наурыз мерекесін атап өтті.
2017 жылғы 18 наурызда оқу орнымызда қымбат қазыналарымызды дәріптеу мақсатында Техникалық және ҚОБЕ бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Қош, келдің наурыз!» атты үлкен мерекелік іс шара дәстүрлі түрде аталып өтті. Ұлттық дәстүрді қайта жаңғыртып, оны жас буын арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қыдыр ата қатысуымен көрініс қойылып, шашу шашылды.Оқушылар домбырамен күй тартып өнерлерін көрсетті. 1 ҒҚСП -2 тобының студенті Кожанов Жамбыл наурыз мерекесіне өз арнауын тарту етті.Сонымен қатар кішкентай қонағымыз Мағауия өз тілегін айтып көрерменді қуантты. Мерекелік бағдарлама аяқталған соң жиналған қауым ақ дастарханға жайылған ұлттық тағамдардан және наурыз көжеден дәм татты.