2016 жылдың 24 қарашасында  Қостанай құрылыс колледжінде қала колледждерінің жастар арасында баскетбол құрама командасының турнирі өтті.

Жарыстың бас төрешісі Мухамбетов Қанат, алаңдағы төреші ұлттық санаттағы Ращаукас Владислав. Командалар жартылай финалдық топтарға бөлінді. Бірінші ойын автокөлік колледжі мен индустриалдық колледжінің құрама командасынан басталды.Бұл жерде автокөлік колледжінің жігіттері басымдық көрсетті. Турнирдің ашылу рәсімі өткізілді.Құттықтау сөз Қостанай құрылыс колледжінің директоры Шамшин Арман Жағанұлына және Қазақстанның еңбегі сіңген тренері спорт ардагері Чудновский Николай Михайловичке сөз берілді.Қостанай құрылыс колледжінің белсенді қыздары «Флеш моб» әдісі бойынша қызықты би билеп қатысушылардың көңіл күйлерін көтерді. Жарыстың қорытындысы бойынша командаларға тиісті орындар берілді.

Бірін орынды  автокөлік колледжінің жеңімпазы  Лучко Дмитрий жеңіп алды, 2 орынды  экономикалық колледждің жеңімпазы  Кашуба Александр жеңіп алды және үшінші орынды индустриалдық –педагогикалық колледжінің студенті  Кенжихан Темирлан иеленді..

1 орын – Қостанай құрылыс колледжі кубогын  Қостанай автокөлік  колледжі командасының құрамы иеленді.

2 орын –  Қостанай құрылыс колледжі;

3 орын – Қостанай индустриалдық –педагогикалық колледжі;

Жарыстың қатысушыларына көп рахмет айтамыз !