Жас педагог мектебі аясында жас оқытушыларға сабақ үрдісінде практикалық әдіс пен тәсілдерді қолдану және таныстыру мақсатында тренинг –тәжірибе өткізілді.Колледж психологы Киньзябулатова Наргуль Еркебулановнамен бірлесіп жас педагогтердің жеткіншектермен қарым –қатынасы жайлы сөз қоғады: ойындар және танысу жаттығулары,топты біріктіру,сөйлесу тренингі,түсініспеушілікті алдын ала болдырмау, сөйлесіп тұрған адамның эмоционалдық жағдайын түсіну және қабылдау,тыңдау икемділігіне жаттығулар,белсенділіктерін дамыту т.б.Жас ұстаздар тренингке қатысып, жаңа тәжірибе алды, өздерінің практикалық қызметтерінде қолданады.