2016 жылдың  16 – 18 қарашасында Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінде Қостанай қ. жас шамасы бойынша 1999 – 2000 т.ж. (8 колледж) және 1996  – 1998 т.ж. (10 колледж) жігіттер арасында Дене шынықтыру және спорт қалалық бөлімінің басқармасымен стритболдан турнир өткізілді. Бұл турнир қаланың мықты топтарының ілтипатын өзіне тартты. Өздерін де, қарсыластарын аямай, топтар әр допқа күресіп, құмарлықтарын көрсетті. Қарсыластар әр кездесуден кейін қол алысып және бір–біріне иықтарын қағып, құрметтеді. Ойынның нәтижесінде біздің тобымыз 1999 – 2000 т.ж. құрамында Закиров Константин, Жихарев Антон, Баишев  Владислав  пен Огаренко Артем  1 орынға ие болды, «Ең жақсы ойыншы» есім атау бойынша Закиров Константин жеңімпаз аталды, ал «Ең жақсы орталықшы» есім атау бойынша Жихарев Антон болып шықты. Екінші орынға ең мықты топ Қостанай әлеуметтік – техникалық колледж және үшінші орынға политехникалық колледж ие болды. Біздің  тобымыз 1996 – 1998 т.ж. келесі құрамымен көрсетілді: Гарипов Сергей, Кутенков Никита, Говоров Руслан мен Курский Илья. Балаларға өте қиын болды, өйткені бұл жас шамасы бойынша Қазақстанның Жоғарғы бірлігінің спортсмендері ойнады. Біздің  тобымыз алтыншы орынға ие болды.

img_20161118_152150