Осы жылдың 12 қарашасында «Техникалық механика » және «Құрылыс материалдары және бұйымдар»пәнінен үш тілде  біріктірілген сабақ өтті . Ол 6 бөлімнен тұрды.

Бұл байқау- сабақта  310 ҒҚСП-2 тобының студенттері белсенді қатысып, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындады: түрлі тапсырмалар, ребустар, өндірістік жағдаяттарды шешті осы пәнге қатысты өздерінің пікірлерін айтып үш тілде жауап берді. Тапсырмаларды орындау барысында студенттер жауапкершілік пен ұйымшыл сезімдерін танытты. Оқытушылар Тастемирова.С.У және Ерденова.Л.Н өз пәндеріне деген қызығушылықтарын көрсетті.