10 қарашада Қостанай құрылыс колледжінде “Жетістікке жету жолы ” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.Дөңгелек үстел жұмысына белсенді көшбасшы мүшелері,топ жетекшілері қатысты. Бұл іс-шара студенттердің жетістікке жетуін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелдің модераторы ТЖ жөніндегі директордың орынбасары Инертбаева Г.С., дөңгелек үстелдің қонағы жастар ассоциация жоспарын ұйымдастыру жөніндегі менеджер Осадчая Анастасия. Ол колледж студенттеріне жүзеге асырылатын жоспарлар туралы сөз етті. Жастар ісі жөніндегі инспектор Серик Шотпаевич студенттің белсенділік деңгейіне әсер етуші фактор студенттің өзін-өзі басқарудың рөлі туралы баяндамасын жасады.Өз сөзінде Серик Шотбаевич жоспарларға тоқталып оны белсенді көшбасшы студенттердің жүзеге асыратындығын атап өтті.Дөңгелек үстелдің аяқталу барысында колледж психологы Киньзябулатова Н.Е. студенттерге тренингтік жаттығулар жүргізді мақсаты: бірлікке, топпен жұмыс істеуге үйрену.