“Мәңгілік ел жастары –индустрияға!”“Серпін 2050”  әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысын да  жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру,білім алып жатқан өңірлерге дағдылану негізінде , индустриалды педагогикалық колледжінде 31қазан-1қараша аралығында “ Аламан 2016”  фестивалі өткізілді.Аламан 2016 фестиваліне  Құрылыс колледжіде қатысып өз өнерлерімен бөлісті.Фестивальдің негізгі мақсаты бағдарламаның аралық нәтижелерін анықтау,достық қарым-қатынасын арттыру,өзара тәжірибе алмасу,талантты жастарды анықтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Фестиваль негізінде:

“Жалынды сардар” сайысына Бажақай Бекзат қатысып            “Ақылды сардар” номинациясымен марапатталды.

“Мақтанышым мамандығым” сайысына Қуантаев Ержан қатысып шығармашылы үшін номинациямен марапатталды.

“Шешендік өнер” сайысына Қожанов Жамбыл қатысып шығармашылығы үшін номинациямен  марапатталды.

“Жайдарман” сайысына “Тек қазақтар”  командасы қатысып үздік ойыншылар номинацияcымен марапатталды.