Үстіміздегі жылдың 29 қазанында Рудный әлеуметтік -гуманитарлық колледжінде қазақтың ұлы педагог -ағартушысы,қоғам қайраткері , кәсіби білімнің негізін қалаушы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай облыстық ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушы “Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы”, “Техникалық -кәсіптік білім беру аймақтық ғылыми әдістемелік орталығы”.Пленарлық отырыстың жұмысын Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы жетекшісінің орынбасары Киселева Ольга Павловна ашты. Пленарлық отырыстың конференциясының белсенді қатысушылары: Ы.Алтынсарин мұражайының директоры Ахметова Пернекуль Алимовна,ҚР жазушылар мүшесі Серікбай Оспанов , колледж педагогтері. ТжКБ аймақтық орталығының 40 ең үздік жұмыстарының қатарына біздің педагогтарымыздың жұмыстары іріктелді ( Г.Ищенко.,Г.Инертбаева.,Т.Симикина.,
О.Терновая) Колледждің оннан астам педагогтарының ( Г.Айсина, К.Альчимбаева, Е.Ерманов, Ж.Есеналина, В.Задорожнюк, А.Назкеева, А.Кушегалина, М.Мамедова, Л.Мусина, Е.Мухамедрахимов, Е.Ничубай, Г.Сафонова, Д.Сейчанова, Т.Туркестанова) мақалалары конференция жинағына енді.