Үстіміздегі жылдың 2 қарашасында құрылыс колледжінде үш тілді бағдарламаны енгізу бойынша шығармашылық топтағы оқытушыларға жиналыс өтті.Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Султанова.Г.Е. жұмысшы топтың оқытушыларын жылдық жұмыс регламентімен және 319, 328 Сәуле -1 және 310 ҒҚСП-2 тобының студенттерінің білімін бақылау және тексеру үшін материалдың дайындығы жөнінде таныстырды.
Қазіргі уақытта колледжде үш тілдікті оқыту бойынша 3 топ бар. Тиімді жұмыс жүргізу үшін тілдер оқытушыларына: Л.Н.Ерденоваға.,Ж.Т.Есеналинаға олардың жетекшілігімен топтар құруға ұсыныс берілді. Галия Еркеновна сонымен қатар оқытушыларға сайт құрып,студенттерге тілді үйренуде көмек беру ақпараттарын енгізу жайында айтып өтті. Кез келген студент сайттағы ағылшын деңгейдегі тесттерден өтіп,тегін сертификат алу мүмкіндігі туралы хабарлады. Қазан айынан бастап қазақ тілі және ағылшын тілі үйірмелері өз жұмысын бастады,тілді тереңдетіп үйренуде факультатив сабақтары жүргізіледі.