Осы жылдың 25 қазанында колледжде « Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету » мамандығы бойынша болашақ түлектердің ақпараттық технология саласында кәсіби табысты болуына көмектесу мақсатында «Жас кәсіби мамандар – еліміздің болашағы » атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысқандар колледж директоры Шамшин Арман Жаганович, «KostanaySoft»ЖШС жетекшісі Олег Димухаметов, Қостанай ОДТ желілерін басқару бойынша «Казахтелеком» АҚ филиалының жетекшісі Алмаз Алдияров, директордың орынбасарлары,арнайы пән оқытушылары мен біліктілігі «техник – бағдарламашы » студенттері. «Болашақта кәсіби мамандарымыз қандай болу қажет » « Жұмысқа табысты орналасу үшін қазіргі түлектерімізге АТ саласында нені біліп үйрену қажет» осы сұрақтар студенттерді толғандырды.
Дөңгелек үстел жұмысында жастарды кәсіптік ортаға дайындауда бизнес рөлінің жарықтандырылуы, АТ саласында жас мамандарды құру жолдары мен тәсілдері талқыланды. Кешенді көтерілген мәселелер жанды талқылауды және дөңгелек үстелге қатысушылардың пікір алмасуын тудырды.