17-22 қазан айында колледжде жаратылыстану –математикалық ПЦК пәндер апталығы атап өтілді.Апталықты өткізудің мақсаты оқушылардың жаратылыстану-математика пәніне деген танымдық қызығушылығын арттыру, коммуникативтік, логикалық ойлау, тапқырлық, интуиция, ой-өрісі, дербестік қасиеттерімен мақсатқа жету боп табылды.
Барлық іс-шаралар апта жоспарымен келісімделіп өткізілді.
Апталықтың ашылу рәсімі колледждің холында өткізілді. Осы күні оқытушы Г.А.Шубковамен 314 Э-2 тобында «Глюкозаның құрылымы,қасиеттері, қолданылуы» тақырыбында химия пәні бойынша ашық сабақ берілді. Сабақта студенттердің қарым-қатынас жасауына білімдерін ұштастыруға барлық жағдай жасалды. Химия саласын зерттеу бойынша осындай сабақтар құзыреттілікті қалыптастыруда ықпалын тигізді.
18 қазанда 1 курс студенттер аралығында математика,физика,химия пәндері бойынша пәндік олимпиада өткізілді.
Іс-шара пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда дарынды студенттердің ойлау қызметін жандандыруға септігін тигізді.
19 қазанда математика, физика, химия пәндері бойынша оқытушылар А.А.Батырхановамен., К.Т.Альчимбаевамен., М.Т.Икласовамен «Жаратылыстану ғылымдары» атты интеллектуалдық ойын ретінде біріктірілген, сыныптан тыс іс- шара өтті. Іс-шара математика, физика, химия және басқа ғылымдармен өзара байланысын көрсетті, шағын топта жұмыс дағдыларының дамуына және бір-біріне толеранттық қарым-қатынасқа септігін тигізді. Іс-шара студенттерге үлкен қызығушылық тудырды.
20 қазанда көптілдік бағдарламаны іске асыру шеңберінде және пән апталығы бойынша оқытушылар С.Б. Жакетова мен Л.Н.Ерденова 319 Сәулет-1 және 328 Сәулет -1 студенттерінің арасында «Своя игра» сыныптан тыс іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара студенттер назарының дамуына,есте сақтау, тілдік қабілеттерін жетілдіру, үш тілде.(қазақ, орыс, ағылшын). қарым-қатынас жасау дағдыларын жүзеге асыруда септігін тигізді.
Апта соңында іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, студенттерді салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Апталық қорытындысы бойынша 319 Сәулет -1 тобының студенттері белсенділік танытты .